Алматыда да полиция марш белсенділерін ұстады

16.12.2019, 12:47

37

Алматыда түстен кейін 15.30 шамасында Желтоқсан көшесі бойымен төмен қарай «Шал кет», «Оян Қазақстан» деп ұрандатып, сап түзеген белсенділерді полиция ұстай бастады. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Желтоқсан — Қарасай көшелері қиылысына келгенде полиция топты жарып, жан-жақтан азаматтарды әкете бастаған. Кейбір әйелдер «жігіттер, бұларың не? ұят емес пе?» деп омон жасақтарының жолын бөгеуге тырысқан.

Азаматтардың қолында «Назарбаевсыз Қазақстан», «Мұрагер мен Қастерге саяси баспана беруді талап етеміз» деген жазуы бар плакаттар болған. Кейбір жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, кемінде 40 адам ұсталған. Азаттық тілшісі полицияның он шақты адамды ұстап әкеткенін көрді.

(Жаңалық толықтырылады).

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Озат ойдың айбыны
    11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59