10.04.2020, 10:39
64
Алматыда коронавирус індетімен күресіп жатқанмедицина қызметкерлеріне алғашқы үстемақылар төлене бастады. Бұл туралы «Жас Алашқа» қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласыәкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте қалалық Қоғамдықденсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев:
«Бүгінгі күні500-ден астам дәрігер, 1,7 мың орта медицина қызметкері, 549 кіші медицинақызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері өздеріне тиесілітөлемдерін алуда. Жалпы,965 млн тг көлемінде 3557 медицина қызметкері төлем алады. Бұл есептеулер үшсанат бойынша жүргізіледі. Бұған дейін Алматы қалалық Балалар жұқпалы ауруларауруханасының медицина қызметкерлері, оның ішінде ауруларды қабылдау бөлімі,лаборатория, клиникалық-диагностикалық бөлімдерінің мамандары қатерлі індетпенкүнде бетпе-бет келіп жүргендерін айтқан болатын. Бұл мекеменің де барлықмедицина қызметкерлеріне, оның ішінде дәрігерлер, орта буын медицинақызметкерлері, кіші буын медицина мамандарына үш санатқа сәйкес үстемақытөленетін болады»,- деді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР