Алматыда Денис Тенді еске алды

20.07.2019, 09:00

5

Бүгін Алматыда 2018 жылы шілде айында кісі қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алу шарасы өтті. Оған спортшының туыстары, оны білетін азаматтар, жергілікті билік өкілдері, белсенділер, қала тұрғындары қатысты.

Денис Тенге арналған ескерткіш алдында өткен шарада қатысушылар спортшы жайлы естеліктерімен бөлісті. Спортшы Ислам Байрамуков мұндай заңбұзушылық болмағанда «Денис Теннің өлімін алдын алуға болатын еді» деп елде бұзақылықтың жайылып кеткенін меңзеді. Еске алу рәсімінде Денис Теннің өзі орындаған ән қойылды. Келген азаматтар Тен мүсініне гүл қойып, кейбірі көзіне жас алып жатты.

Қарай отырыңыз: Денис Теннің жеңістері (Мұрағаттағы суреттермен топтастырылып жасалды).

Денис Теннің жеңіске жеткен сәттері Денис Теннің жеңіске жеткен сәттері Фотогалерея

Денис Теннің жеңіске жеткен сәттері

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда ауруханада қайтыс болған. Көшеде тұрған автокөлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны екі адам пышақтап кеткен. Кейін бұл оқиға бойынша Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаева ұсталған.

17 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты спортшы Денис Теннің өліміне байланысты айыпталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты — 18 жылға, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34