Алматыда Денис Тенді еске алу турнирі басталды

11.10.2019, 02:00

8

10 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан «Денис Теннің мемориалы» атты халықаралық турнир басталды.

Жарысты «Денис Тен қоры» мен Халықаралық коньки спорты одағы (ISU) ұйымдастырып жатыр. Турнирге 11 елден спортшылар қатысады. Олардың арасында – ресейлік жаттықтырушылар Алексей Мишин, Этери Тутберидзе, Елена Водорезованың (бұрын Денис Тенді жаттықтырған) шәкірттері бар.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 12 қазанда анықталады. Осы күні «Халық арена» спорт кешенінде жеңімпаздар мен мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Жарысты ұйымдастырушылардың сөзінше, 2011 жылғы қысқы Азиада мен 2017 жылғы универсиаданы есептемегенде, мұндай жарыс Алматыда бұрын өтпеген. Ұйымдастырушылар турнирді тұрақты түрде ұйымдастыру жағын қарастырып жатыр.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда ауруханада қайтыс болған. Көшеде тұрған автокөлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны екі адам пышақтап кеткен.

17 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты спортшы Денис Теннің өліміне байланысты айыпталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты — 18 жылға, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырған.

Спортшының құрметіне Алматыда естелік тақта мен ескерткіш қойылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27