Алматыда Денис Тенге арналған ескерткіш ашылды

23.06.2019, 03:00

112

Алматыда 2018 жылы шілдеде кісі қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған ескерткіш ашылды.

Мүсінде спортшының 2014 жылы Сочидегі олимпиадада өнер көрсету сәті бейнеленген. Бұл олимпиадада Денис Тен қола жүлде ұтып алған еді. Ескерткіш Құрманғазы — Байсейітова көшесі қиылысына орнатылған. Оны Санкт-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкин жасаған. Ақпарат бойынша, алдағы уақытта Денис Теннің анасының спортшы ұлы жайлы кітабы да басылып шықпақ.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c === 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState === «uninitialized» || d.readyState === «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда ауруханада қайтыс болған. Көшеде тұрған автокөлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны екі адам пышақтап кеткен. Кейін бұл оқиға бойынша Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаева ұсталған.

17 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты спортшы Денис Теннің өліміне байланысты айыпталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты — 18 жылға, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51