Алматыда екі күнде кемінде 38 медицина қызметкерінен коронавирус табылған

24.04.2020, 14:23

25

Алматы қаласы әкімдігінің Telegram арнасындағы мәлімет бойынша, Алматыда 23-24 сәуір күндері барлығы 78 адамнан коронавирус табылған. Олардың 38-і — медицина қызметкері.

«22-сі — орталық қалалық клиникалық ауруханасының карантинде болған қызметкері, екеуі — N1 қалалық клиникалық ауруханасының провизорлық стационарының қызметкері, 10 қызметкер балалар қалалық инфекциялық ауруханасында істейді, төртеуі — жедел медициналық көмек қызметінің өкілі» делінген ресми хабарламада.

Қалған 40 адам коронавирус жұққан адамдармен араласқан.

Алматы — коронавирус жұқтырғандар мен вирус жұққан дәрігерлер саны жағынан республикада алда тұр. Қалада жалпы 764 адамнан коронавирус табылған. Науқастар арасында Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханасының медицина қызметкерлері көп. 18 сәуірде қаланың бас санитар дәрігері ауысты.

Оқи отырыңыз: Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды. Карантиндегі дәрігерлер не дейді?

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшілігіне бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров келеді деп хабарланған еді. Ізінше одан коронавирус анықталып, басқарма жетекшісі Тілеухан Әбілдаев орнында қалды.

Қазір инфекциялық стационарларда 663 науқас (Алматы облысынан келген бір науқасты қоса есептегенде) емделіп жатыр.

«Екі адамның жағдайы — өте ауыр, 24 адамның жағдайы — ауыр. 198 науқастың халі — орташа ауыр. Қалғандарының жағдайы бірқалыпты» делінген хабарламада.

Республика бойынша 22 адам вирустан қайтыс болған. 24 сәуірде таңертең Алматыда коронавирустан жетінші науқастың қайтыс болғаны белгілі болды. Науқас 1957 жылы туған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52