Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:00, 28 Тамыз 2023

Алматыда ер адам 250 мың доллар бар сейфті ұрлап кеткен

None
None

Алматы полициясы пәтер ұрлығына күдікті азаматты анықтады.

Polisia.kz хабарлағандай, қылмыс жасады деген күдікпен Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

– 1989 жылы туған И.есімді азамат терезе арқылы бөтен біреудің үйіне кіріп, одан жасырын түрде сейфті ұрлап кеткен. Сейфтің ішінде ірі көлемде ақша болды. Ұрлық болған кезде үй иелері болмаған, олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Отағасының айтуынша, ол жеке кәсіпкер. Оның сейфінде 250 мың доллар болған. Жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды. 

Тегтер: