Алматыда феминистер қозғалысының рұқсат етілген митингісі өтті

28.09.2019, 12:00

27

28 қыркүйекте Алматыда «Сарыарқа» кинотеатрының артында KazFem феминистер қозғалысы ұйымдастырған рұқсат етілген митингі өтті. ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, бұл митингіні өткізу үшін қозғалыс өкілдері жергілікті билікке 36 өтініш түсірген. Тек біреуі ғана қанағаттандырылған.

— Біз бұл митингіде әйелдерге қатысты барлық мәселені көтереміз. Бұл — зорлау, тұрмыстық әлімжеттік, тәнін саудалау және өзге де мәселелер. Біз әйелдер колониясында болған жайттарға назар аудартқымыз келеді. Ол жақта ұрып-соғады, зорлайды. Кездесуде болмаса да, қаншама бала колонияларда дүниеге келіп жатыр. Өкінішке қарай, мемлекет мұны естімейді немесе естігісі келмейді, — деді қозғалыс белсендісі Вероника Фонова.

Кейбір әлеуметтік желі қолданушыларының жазуынша, митингіге ондаған адам қатысқан. Бұл — "Қазақстан тарихындағы феминистердің алғашқы митингісі" деп жазып жатқандар да бар.

Қозғалыстың әлеуметтік желі парақшаларындағы мәліметке сәйкес, Kazfem бастамашыл тобы 2015 жылы жазда құрылған.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 2018 жылы «Зорлау» бабы бойынша — 1130, «Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық» бабы бойынша 320 заңбұзушылық тіркелген. Мамандардың айтуынша, зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің басым бөлігі полицияға хабарламайды.

Қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев зорлау мен тұрмыстық әлімжеттік жасағандарға жазаны қатайту қажет екенін айтқан. Осыдан соң прокуратура арнайы заң жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес, бұған дейін орташа дәрежедегі қылмыс болып келген «зорлау» бабы ауыр қылмыстар санатына қосылмақ. Ал кәмілет жасына толмағандарды «зорлағандар» 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.​ Бірақ кейбір сарапшылар жазаны күшейтумен мәселе шешілмейді деп санайды.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Зорлау қылмысына жаза қатайту мәселені шеше ме?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Зорлау қылмысына жаза қатайту мәселені шеше ме? please wait <video poster=«gdb.rferl.org/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/c/c2/c297ead8-de3f-4fac-a20b-a36b91279183_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30162732&SiteId=5&r=1881757306&it=0&pd=20190913134000» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Зорлау қылмысына жаза қатайту мәселені шеше ме?»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Зорлау қылмысына жаза қатайту мәселені шеше ме?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30162732.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:15 0:00 Жүктеп алу
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09