15:02, 17 Қаңтар 2022
Алматыда Француз үйін тонағандардың арасында жүкті әйелдер де бар (видео)
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Француз үйін тып-типыл етіп тонап кеткен, – деп жазады tengrinews.kz.
Сауда үйінің өкілі Марал Байбағысованың айтуынша, Француз үйі тұтастай тоналып, 5 миллиард теңгеден астам шығын келген.
«Біздің барлық дүкенімізді тонап кетті. Орталық пен қатарынан 3 бөлімшені, әуежайдағы екі дүкенді де түгел тонады. Бренд маркалы тауарлардың, тіпті әрқайсысының бағасы 250 мың доллардан жоғары тұратын теріден жасалған бұйымдарды да тонап кетті. Шығын көлемі шамамен 5 миллиард теңгеден асады», – деді ол.