Алматыда "Халық құрылтайы" өтіп жатыр

07.09.2019, 16:00

7

Алматыда «Халық құрылтайы» өтіп жатыр. Оған шамамен 200 адам жиналған. Құрылтайда елдегі саяси өзгерістер, "Қытай экспансиясы" қаралмақ.

Жиынға оппозициялық саясаткерлер Серікболсын ӘБД3ЛДИН, Балташ ТҰРСЫМБАЕВ, Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Жанболат МАМАЙ және өзге де азаматтар қатысып жатыр. Президиум мүшесі ретінде соңғы аталған үш саясаткермен бірге белсенді Рысбек ТОҚТАСЫН сайланды.

Жиын басында модератор Балташ Тұрсымбаев Серікболсын Әбділдиннің денсаулығына байланысты жиыннан ертерек кететінін айтып, оған сөз берді. Әбділдин өз сөзінде қазіргі билік қателіктеріне тоқталып, ең үлкен қателік — «Назарбаевтың 30 жылға жуық уақыт бойы авторитарлық билігі» деді.

«Назарбаев биліктен кетпей Қазақстанда даму болмайды. Оның кетуін халық болып талап ету керек. Заң бойынша, оның билікте отыруы — олқылық. Елде „Елбасы“ туралы заң бар. Оған екі палата, премьер-министр қол қойған. Конституция бойынша, олардың заң қабылдауға құқығы жоқ. Ең бір оңтайлы жол — 1993 жылы қабылданған алғашқы Конституцияға оралу» деді Әбділдин. "Әрдайым жолдарың болсын!" деп саясаткер батамен сөзін аяқтаған кезде жұрт қол шапалақтап, тік тұрып залдан шығарып салды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16