Алматыда "Халық құрылтайы" өтіп жатыр

07.09.2019, 09:00

49

Алматыда «Халық құрылтайы» өтіп жатыр. Оған шамамен 200 адам жиналған. Құрылтайда елдегі саяси өзгерістер, "Қытай экспансиясы" қаралмақ.

Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратып жатыр:

Жиынға оппозициялық саясаткерлер Серікболсын Әбділдин, Балташ Тұрсымбаев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Жанболат Мамай және өзге де азаматтар қатысып жатыр. Президиум мүшесі ретінде соңғы аталған үш саясаткермен бірге белсенді Рысбек Тоқтасын сайланды.

Жиын басында модератор Балташ Тұрсымбаев Серікболсын Әбділдиннің денсаулығына байланысты жиыннан ертерек кететінін айтып, оған сөз берді. Әбділдин өз сөзінде қазіргі билік қателіктеріне тоқталып, ең үлкен қателік — «Назарбаевтың 30 жылға жуық уақыт бойы авторитарлық билігі» деді.

«Назарбаев биліктен кетпей Қазақстанда даму болмайды. Оның кетуін халық болып талап ету керек. Заң бойынша, оның билікте отыруы — олқылық. Елде „Елбасы“ туралы заң бар. Оған екі палата, премьер-министр қол қойған. Конституция бойынша, олардың заң қабылдауға құқығы жоқ. Ең бір оңтайлы жол — 1993 жылы қабылданған алғашқы Конституцияға оралу» деді Әбділдин. "Әрдайым жолдарың болсын!" деп саясаткер батамен сөзін аяқтаған кезде жұрт қол шапалақтап, тік тұрып залдан шығарып салды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40