Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:50, 24 Мамыр 2023

Алматыда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы әзірленуде

None
None

26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Алматы қаласында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады.

Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Қазіргі таңда «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2022 жылдар аралығында акция аясында 150 000-нан астам адам консультация алды.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Достық 85А даңғылы, «Caspian University».

Тегтер: