Алматыда ипотекалық борышкерлер банкке талаппен барды

16.09.2019, 15:00

4

16 қыркүйекте Алматыда бір топ азамат өздері алған ипотекалық несие қарызын үкімет қабылдаған бағдарлама бойынша азайтуды талап етіп Қазақстандағы ең ірі коммерциялық қаржы мекемесі Қазақсан халық банкі мекемесіне барды. Бастамашыл топтың талабын жеткізген Ұлданай Қамбарованың сөзінше, борышкерлердің ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асуы үшін коммерциялық банктердің барлығының келісімі қажет.

Банк қызметкерлері 50 шақты адамға және борышкерлердің талабынан кейін журналистерге де кеңсенің ішіне кіруге рұқсат етті. Борышкерлерге әзірге банк басшылығынан ешкім шыққан жоқ.

Қазақстанда 2015 жылы азаматтардың ипотекалық несие қарыздарын қайта қаржыландыру іске қосылған. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004-2009 жылдар аралығында несие алған, иелігінде басқа баспанасы жоқ азаматтарды қолдауға бағытталған. Бағдарламаның екінші бөлігі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен қарыз алғандардың борышын қайта қаржыландыруды көздейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39