Алматыда ипотекалық несие борышкерлері банкке талаппен барды

16.09.2019, 17:00

2

16 қыркүйекте Алматыда бір топ азамат өздері алған ипотекалық несие қарызын үкімет қабылдаған бағдарламаға сәйкес азайтуды талап етіп, Қазақстандағы ең ірі коммерциялық қаржы мекемесі — Қазақстан халық банкіне барды. Бастамашыл топтың талабын жеткізген Ұлданай Қамбарованың сөзінше, борышкерлердің ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру жөніндегі үкімет бағдарламасының үшінші бөлігі іске асуы үшін коммерциялық банктердің барлығының келісімі қажет.

Банк қызметкерлері 50 шақты адамға және борышкерлердің талабынан кейін журналистерге де кеңсенің ішіне кіруге рұқсат етті. Борышкерлерге әзірге банк басшылығынан ешкім шыққан жоқ.

Қазақстанда 2015 жылы азаматтардың ипотекалық несие қарыздарын қайта қаржыландыру қолға алынған. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004-2009 жылдар аралығында несие алған, иелігінде басқа баспанасы жоқ азаматтарды қолдауға бағытталған. Бағдарламаның екінші бөлігі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен қарыз алғандардың борышын қайта қаржыландыруды көздейді.

Қазақстан Ұлттық банкі өткен жылдың соңында коммерциялық банктердің 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінге кезеңде шетел валютасымен берген ипотекалық несие қарызын қайта қаржыландыру мерзімін 15 шілдеге дейін созған. Ұлттық банк шетел валютасымен алынған ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін өз есебінен банктерге кейін қайтаратын негізде 156 миллиард теңге (сол кездегі бағаммен 403,4 миллиард доллар) бөлгенін хабарлаған.

Мамыр айында оннан астам қоғамдық бірлестіктер өкілдері енген топ биліктегі «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы кеңсесіне барып, проблемалық несиелер мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қорғайтын шара қабылдау туралы үкіметке қойған талаптарын жария еткен.

Қоғамда наразылық күшейіп, инфляция деңгейі өсіп, ұлттық валюта құнсыздана бастаған шақта үкімет әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларын қолдау шаралары іске асырылатыны туралы мәлімдеген болатын.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34