14:36, 02 Мамыр 2022
Алматыда ірі супермаркеттен өрт шықты
Алматыда ірі супермаркеттен өрт шықты, — деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
«Алғашқы өрт сөндіру тобының 7 минутынан кейін Huseinoff екі қабатты супермаркетінің екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен өртеніп жатқаны анықталған.
Адамдар бар-жоғына дереу анықтау жұмыстары жүргізіліп, өрт сөндіру ұңғылары әкелінді. Штаб жұмысы құрылып, 50-ден аса қызметкер мен 15 техника, оның ішінде екі АЛ-32 өрт сөндіру сатысы жұмылдырылды», — деді ведомство өкілдері.