10:50, 08 Ақпан 2022
Алматыда ірі жол апаты болды: 20-дан аса көлік соғылды (видео)
Алматыда бірден екі ірі жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бірден 20-дан астам көлік соқтығысты,-деп хабарлайды «Жас Алаш».
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Жароков көшесі мен Әл-Фараби даңғылы маңында болған және 20-дан астам көлік соқытығысқан.
«Топ оқиға орнында. Ақпарат нақтыланып жатыр. Сәл кейінірек болады», — деп түсіндірді қалалық Полиция департаменті өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша, тағы бір ірі жол апаты Әл-Фараби мен Сейфулин даңғылдары қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 10 шақты көлік соқтығысқан. Ақпарат нақтыланып жатыр.