Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:34, 17 Қазан 2022

Алматыда ірі жол апаты болды

None
None

Алматыда жаппай жол апатынан екі адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 16 қазанға қараған түні Саин көшесінде болған.

Әлеуметтік желіде ірі апаттың видеосы жарияланды. Кадрда Toyota Camry минивэннің артына кіріп, аударылып қала жаздағаны көрсетілген. 

Қалалық ПД мәліметінше, апат сағат 22:20 шамасында болған. Жол апатына кінәлі Саин бойымен солтүстік бағытта келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі.

Апат салдарынан FAW jiefang жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Істі Әуезов ауданының полиция қызметкерлері тергеп жатыр.

Тегтер: