Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:32, 23 Қаңтар 2023

Алматыда ірі жол апатынан үш адам қаза тапты

None
None

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апаттан үш адам қаза тапты. 

Қалалық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бір күн бұрын сағат 23:30-да Алматының Бостандық ауданында болған.

«Chevrolet көлігінің жүргізушісі 2003 жылы туған К. Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі мен оның 19 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», — деді ПД өкілдері.

Тегтер: