Алматыда "карантин ережесін бұзды" деп айыпталған белсенді Асхат Жексебаев қамалды

11.04.2020, 21:00

38

Тіркелмеген «Көше» партиясының мүшесі, белсенді Асхат Жексебаев «карантин ережесін бұзды» деп айыпталып, төрт күнге қамалды. Бұл туралы Vlast сайты жазды. Facebook-та жарияланған видеода алматылық белсенді жұма, 10 сәуірде ет алу үшін Магнумға барғанын, полицейлердің сол үшін оны ұстап, бөлімшеге апарғанын айтады.

Алматы қалалық полиция департаменті белсендінің Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша («карантин ережесін бұзу») әкімшілік жауапқа тартылып, әкімшілік жазаға тартылғандарға арналған қамау мекемесінде отырғанын айтқан.

Ал Асхат Жексебаев полицейлердің ұстауын өзінің белсенділігімен байланыстырады. Бірнеше күн бұрын белсенді жергілікті шенеуніктердің бірінен қаладағы көлік кептелісіне байланысты сұхбат алуға тырысқаннан кейін полиция бөлімшесіне шақырылған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бірқатар белсенділердің, олардың арасында Асхат Жексебаев та бар, онлайн наразылық жасап, төтенше жағдай кезінде берілетін әлеуметтік көмекті кешіктірмей және күрделендірмей беруді талап еткен.

Асхат Жексебаев өткен жылдан бері саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, жалғыз адамдық пикеттер өткізген. Осыған дейін бірнеше рет қамалып, әкімшілік жазаға тартылған.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде кей белсенділер онлайн митингіге көшті

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57