Алматыда карантин ережесін бұзғандарға 39 млн теңге айыппұл салынды

19.08.2020, 12:56

10

Алматыда карантин режимін бұзған мекеме иелеріне 39 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты.

«Карантин режимін сақтауды бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Жүргізген іс-шаралар нәтижесінде осы уақытқа дейін 3423 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 126-сы заңды тұлғалар. Тәжірибе көрсеткендей, карантинді кейбір азаматтар сақтамайды. Азаматтар той тойлайды, клубтарға барады, кальян тартады», — дейді Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол рейд кезінде бірқатар заңсыз жұмыс істеген нысанның анықталғанын атап өтті.

«5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж салоны және 7 караоке клуб анықталып, олардың иелеріне қатысты әкімшілік кодекс бойынша 236 айлық есептік көрсеткіш ретінде 39 млн теңге айыппұл салынды», — деді ол.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43