10.04.2020, 07:05
85
Алматы қалалық халықтыжұмыспен қамту Орталығының директоры Диляра Иманқұлова айтуынша, Алматыдакарантин мерзімінде 2 мың адам жұмыссыздық мәртебесін алуға өтініш берген.
Орталық басшысыныңайтуынша, қазір олар жұмыссыз қалғандардың санына мониторинг жүргізіп жатыр.
«Мемлекет жұмысынан айрылған тұлғаларға табысының 40пайызы көлемінде жәрдемақы төлейді. Бұл жәрдемақы жұмысшының 24 ай немесежарты жылда төленіп тұрған төлемдерінен алынады. Одан бөлек бұл адамдарғауақытша жұмыс тауып береміз. Яғни, ол уақытша жұмыс істеп, табысынан айрылғантұлға ретінде жәрдемақы ала алады», — деді Диляра Иманқұлова.
Оның айтуынша, қазір орталыққа 2000 адам өтініш білдірген. Олардың 882-сіжұмыссыз мәртебесін алды. Төтенше жағдай кезінде 49 адам жұмысқаорналастырылды.
«Олардың 26-сына — тұрақты жұмыс, 23-іне уақытша жұмыстауып бердік. Күніне 50-60 адам кеңес сұрап хабарласады»,-дейдімаман.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР