09:31, 15 Наурыз 2021
Алматыда карантинді сақтауға қатысты бақылау күшейтілді
Алматыда қаладағы карантиндік шаралардың сақталуын бақылайтын бақылау топтарының жұмысы күшейтілді, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Қазіргі уақытта мониторингтік топтардың саны 32-ге дейін ұлғайтылды. Биылғы жылы 1 қаңтардан 13 наурызына дейін 7 648 объектіге 986 рейд жүргізілді, онда карантиндік іс-шараларды бұзған 667 объект анықталды. Жалпы сомасы 77,42 млн.теңгеге 699 хаттама жасалды.
Сот органдарына 57 талап жолданды, оның 20-да қызметті тоқтату туралы шешімдер қабылданды. 2020 жылы қалада 26 бақылау тобы құрылды, олар 21 590 объектіге 3149 рейд жүргізді.
Шектеу шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 333,16 млн.теңгеге 5182 хаттама жасалды.