Алматыда коронавирус жұқтырғандар 2,5 мыңға жуықтады

30.05.2020, 09:37

29

Алматыда вирус жұқтырғандар 2500 адамға жуықтады. Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб мәліметінше, өткен тәулікте мұнда тағы 37 жаңа науқас анықталған. Оның 15-іне коронавирус бұрынғы науқастардан жұққан. Профилактикалық тексеру кезінде — 11 адам, кәсіпорын жұмысшыларын тексеру кезінде — 7 адам, ауруханаға түскен кезде 4 адамға вирус жұққаны анықталған. Алматыда барлығы 2499 адамнан коронавирус табылған. 1451 жазылған. 10 адам қайтыс болған. Қазақстандағы ең ірі қала коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар саны жағынан да республикада алда тұр.

Алматы облысында жұма күні 23 жаңа науқас анықталды. Талдықорғанда — 10, Қапшағай қаласында — 8, Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарының әрқайсысында бір-бір адамнан коронавирус табылған. Текелі қаласында вирус жұққан 2 адам анықталған. 14-і бұрын ауырғандармен байланыста болған. 9 профилактикалық мақсатта тексеруден өтіп, диагнозы расталған. Алматы облысында барлығы 349 науқас бар.

Өткен тәулікте Шымкентте 51 адамнан коронавирус табылды. 29 адам — коронавируспен ауырғандармен жақын араласқан. Бұған дейін жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері бойынша аурухаға түскен 3 адамнан вирус табылған. 8 науқаста ауруханаға түскен кезде вирус бары анықталған, скринингтен өткен 8 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Тағы үшеуі ақылы түрде тексеруден өтіп, оларға COVID-19 диагнозы қойылған. Бәрі инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Халық саны жағынан республика бойынша үшінші орында тұрған Шымкентте барлығы 813 адамнан коронавирус табылған. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау облысы, Қарағанды облысынан кейін бесінші орында тұр.

Қарағанды облысында жұма күні 41 адамнан коронавирус табылған. Қарағанды қаласында — 25, Теміртауда — 12, Шахтинск қаласында — 2, Бұқар жырау ауданында — 2 адамнан вирус анықталған. Облыста барлығы 829 адамнан коронавирус табылған. 3 адам қайтыс болған. 221 пациент жазылған.

Қостанай облысында 29 адамнан коронавирус табылған. Жітіқара қаласында тұратын бір отбасының 8 мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталған. Олар бұрын ауырған пациентпен жақын араласқан. 5 адам науқастармен араласқан адам ретінде тексерілген кезде диагноздары расталған. Үш адам профилактикалық тексеруден өтіп, COVID-19 ауруына шалдыққаны анықталған. Бұған қоса, тағы Жітіқара және Денисов ауданының 13 тұрғынынан коронавирус табылған. Облыста барлығы 165 науқас бар.

Жұма күні Түркістан облысында 10 адамнан коронавирус табылған. Скринингтік тексеру кезінде Түлкібас ауданында — 1, Сайрам ауданында — 3, Төле би ауданында — 1, Арыс қаласында — 2, Түркістан қаласында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бұған қоса, облыстың тағы бір тұрғыны және астананың 1975 жылғы азаматынан вирус табылған.

Жамбыл облысында Тараздың үш тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылған. Олардың біреуінің жасы — 12-де, біреуінікі — 9-да. Олар жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға түскен. Науқастармен байланыста болған тағы бір Тараз тұрғынынан коронавирус анықталған. Бір адам жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері байқалғандықтан ауруханаға барып, тексеру кезінде диагнозы расталған. Облыста барлығы 370 адамнан коронавирус табылған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42