Алматыда коронавирустан екі науқас қайтыс болды

20.04.2020, 02:59

4

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуір түнгі сағат 23:10-да Алматыда коронавирустан екі науқас қайтыс болғанын хабарлады. Олардың бірі — 1958, екіншісі 1931 жылы туған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 19 адам қайтыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігінде созылмалы аурулар болған.

Министрлік жексенбі күні түнде вирус жұқтырғандар 35 адамға көбейгенін хабарлады.

Республика бойынша вирус жұқтырғандар 1711 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 524
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 372
  • Қызылорда облысы – 148
  • Қарағанды облысы – 93
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • Түркістан облысы – 60
  • Жамбыл облысы – 61
  • Шымкент қаласы – 67
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Алматы облысы – 40
  • Батыс Қазақстан облысы – 62
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 26
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 15

Коронавирустан 401 адам айыққан. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі осы және алдағы аптада «эпидемия шарықтау шегіне жетеді» деп болжаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні Twitter-дегі парақшасында "Қазақстанда эпидемия әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ" деп азаматтарды карантин ережелерін сақтауға шақырды.

Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған. Бірқатар қалалар мен облыс, аудандарда, ауылдарда карантин енгізіліп, қозғалыс шектелген.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39