Алматыда коронавирустан қайтыс болған әйел созылмалы аурулармен ауырған

23.04.2020, 18:22

3

23 сәуірде Алматыда коронавирус жұққан 56 жастағы әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, әйелге коронавирус жұққаны 17 сәуірде анықталған. Науқас бірнеше созылмалы ауру түрлерімен ауырған: бүйрек, анемия, қант диабеті, полисегментті пневмония, хронодиализ. 22 сәуірде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

«Инвазивті емес жасанды тыныс алу тиімсіз болғандықтан 22 сәуірде инвазивті өкпені жасанды тыныс алу аппаратына ауыстырылды. Бұған қоса, бағдарламалық гемодиализ сеансынан өтті. Емге қарамастан „полиорган жетіспеушілік“ белгілері байқалып, таңғы сағат 6:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар нәтиже берген жоқ. Сағат 7.00-де дәрігерлер науқастың қайтыс болғанын анықтады» делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 20 науқас қайтыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігінде созылмалы аурулар болған.

Алматы қаласында алты адам вирустан қайтыс болған. Қалада вирус жұқтырғандар 735 адам болды. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Қазақстанда барлығы 2207 адамнан коронавирус табылған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13