Алматыда коронавирустан қайтыс болған науқаста жүрек ишемиясы болған

10.04.2020, 11:38

23

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 1956 жылғы науқас 9 сәуір түнгі сағат 23.50 шамасында қайтыс болған. Науқаста коронавируспен қатар жүрек ишемиясы, обструктивті өкпе аурулары болған. Оған коронавирус жұққаны 16 наурызда анықталған. Ол вирус жұққан науқастармен байланыста болған.

«Негізгі диагнозы — COVID-19 коронавирус инфекциясы, екі жақты полисигментті пневмонияның ауыр түрі, өкпенің ісінуі» деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев.

Басқарма жетекшісінің айтуынша, интенсивті терапияға қарамастан науқастың жағдайы уақыт өткен сайын ауырлай берген.

Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда коронавирус жұққан 122 адам анықталған. 26 адам жазылған. Бір адам қайтыс болған. 96 адам инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Олардың төртеуі — бала.

72 адамның жағдайы — бірқалыпты. Бір адамның жағдайы — өте ауыр, төртеуінікі — ауыр. Дәрігерлер 19 науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалайды.

Әбілдаевтың айтуынша, қала бойынша коронавируспен күресіп жатқан 3557 медицина қызметкерінің жалақысына үстеме ақы қосылып жатыр. Ол үшін 965 млн теңге қарастырылған.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52