Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:00, 04 Наурыз 2022

Алматыда мұғалімдер съезі өтті

None
None

 Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  2022 жылдың 4 наурыз күніреспубликалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезінде қозғалған мәселелерге байланысты Алматы қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезі №110 мектеп-гимназияда оффлайн форматта өтті.

       Съезге Алматы қаласының  127 қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі қатысты.      Съезд  «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» тақырыбы негізге алды.

Мақсаты:

-   қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелерін оңтайландыруға үлес қосу;

-   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығының жұмысын жандандыру;

-   қазақ тілі мен   әдебиеті пәні бойынша өзекті мәселелерді талқылау;

       2021 жылдың 21 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында  қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің республикалық  съезі өткені белгілі.

     Республикалық съезге өз тәжірибесімен бөлісуге Алматы қаласынан  7 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі қатысты. Арын Ержан Омарұлы — №159 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Абілдаев Баұыржан Сулейманұлы — № 26 мектептін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Чегеубекова Гулмария Нарынбековна -№ 110 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Мукеева Бибігүл Казбековна — №48 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Нусупбекова Мейрамгул Барказатовна — №115 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Дусимбаева Молдир Усеновна, Бостанова Назира Ленсовна- №12 мамандандырылған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.   Бұған дейін Алматы қаласында  қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезіне байланысты онлайн форматта бірнеше  қалалық шаралар өткен болатын.

Алматы қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезі қала мұғалімдеріне ұсынылған бағдарлама негізінде жалғасты.

      Жоғарыда аталған мақсатқа сүйенген съезде Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО әдіскері Зәкариянова С.З.  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне қатысушылармен таныстырып, съезге қатысушыларды құттықтады.

      Съезд салтанатты түрде ашылып, қатысушыларға тамаша көңіл күй сыйлады.

  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдер рухани дамудың қазығы іспеттес болғандықтан тіл жанашырларының көптен күткен жиыны жоғары дәрежеде өтті.

     https://youtu.be/xLErT1RMR68 сілтемесі бойынша  Республикалық съездің өту барысы көрсетілген соң, республикалық съезд делегаттары сөз алды.

   Бағдарламаға сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық съезінде қозғалған мәселелер» бойынша  М.У.Дуйсембиева, Г.Н. Чегеубекова өз ойларымен бөлісіп, өзгерістер мен толықтырулар туралы әріптестерін хабардар етті.

Республикалық съездің күн тәртібінде қарастырған   мәселелермен таныстырды:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқыту сапасын арттыру жолдары;

2. Оқу бағдарламасында олқылықтардың орнын толықтыру, жетілдіру мәселелері;

3.Оқулықтың мазмұны мен сапасы;

4. Оқу мақсаттары мен мәтіндердің оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдау;

5. Тілді меңгерту жолынды жаңа контенттерді құрастыру;

6. «Оқуға құштар мектеп» жобасына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі;

7. Жаңа мазмұндағы пәндік курстарды қайта құру жолдарын жандандыру;

8. Болашақ кадрларды даярлауда ЖОО-мен байланыс орнатудың маңыздылығы; 

9. Пәнді оқыту әдістемесі мен цифрландыру .

     Съезге қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру, қашықтан оқытуға байланысты білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелерін талқыланғандығынан хабардар етті.

    Н. Бостанова  « Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл танымының тұңғыш  лингвист – әдістемеші ғалымы» атты баяндамасында Ахмет Байтұрсынұлының  еңбегінде қазіргі әдістемеде білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, дамыту мақсатында сөйлеу әрекетінің 4 түрі ( жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым) арқылы тілді меңгертудің әдістері жайында ой-пікірлерін де табуға болатындығын айтты. Ғалым «үйретуді» өнер деп бағалайды. «Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету – бұл да өнер. Олай болса өнерлерде болған сындар мында болмақ», — дегені сөзсіз ақиқат. Әдіскер тіл үйретуге мыналарды жатқызады: «Оқылым – оқу үйрету; Жазылым – жазу үйрету; Айтылым – сөйлеу үйрету» деп көрсететіндігін атап өтті.

 Б.Абілдаев «Ахмет Байтұрсыновтың қазақ жазуын дамытудағы рөлі» тақырыптарында әріптестермен терең ой бөлісіп, жаңартылған білім мазмұнының А. Байтұрсынов еңбектерімен байланысын көрсетті. А.Байтұрсыновтың қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы  еңбегі  ерекше екендігін атап өте отырып, ғалымның терминдерді қазақ тілінің ішкі мүмкіндігі арқылы жасау жағына  ерекше көңіл бөлгендігіне тоқталды.

        №115 ЖББМ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Б. Нусупбекова  «Қазақ  әдебиеті» пәнін оқытуда оқу бағдарламасынан туындаған өзекті мәселелерге тоқталып,   “Қазақ әдебиетін” оқытудағы оқу бағдарламалары,  оқу бағдарламасы  бойынша туындаған мәселерге байланысты сөз алып, қызу талқылау жасады.

М.Б. Нусупбекова  мынандай оқу мақсаттарын өзгерту, оңайлатып ұсыну, тіпті бағдарламадан алып тастау керектігін ұсынды:

      5-сыныпта әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау; шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау; шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау; шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау

     7-сыныпта  кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

     8-сыныпташығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; шығарма бойынша жазылған әдеби сын пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу;

     9-сыныпта әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу

     11-сыныпта көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру; әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау мақсаттарын орындату үшін мұғалімге әдістемелік құрал керек.

          Бұдан соң ҚББЖТҒӘО әдіскері С.З. Зәкариянова сөз алып, қазақ әдебиеті пәні бойынша кездесетін қиындақтарға тоқталып, ұсыныс жасады:

«Қазақ әдебиеті» пәні 10-сынып:

Арман — ПВ баспасы.Авторлар: Р.Зайкенова. Л.Н.Нұрланова

    Оқулықтың оқу бағдарламасында қамтылған материалдар мүлде жеткіліксіз. І тоқсан түгелдей Абай шығармашылығын талдауға беріледі де, қалған үш тоқсанға үш прозалық шығарма, екі поэзиялық туынды, бір драмалық шығармадан үзінділер ұсынылады. ІІ тоқсанға ұсынылған Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі бойынша ұсынылған. Үзінді көлемі аз. Жалпы оқулықтардағы шығарма мазмұны бағдарламада берілген сағат санына лайықталып қосымша материалдармен толықтырылып ұсынылуы қажет.

Ж.Бөдештің «Жалғыз» поэмасы оқушының жас ерекшелігіне сай емес. Қиындық туындатады.

«Қазақ әдебиеті» пәні 11-сынып 

 Жаратылыстану-математика бағыты, қоғамдық-гуманитарлық  бағыты

 «Мектеп»  баспасы. Авторлар:   Г. Орда,  С. Дәрібаев,   А. Сатылова

  Б.Мұқайдың «Өмірзая» романынан гөрі оқушылардың жас ерекшелігіне сай,  ұлттық құндылықтарға негізделген, заманауи көзқарасын қалыптастыратын туындыларды қарастырған дұрыс.

   Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі де қоғамдағы әлеуметтік жағдайды көрсеткенімен дәл мектепте оқытылуы қажет емес деуге болады. 

        №159 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.О. Арын «Қазақ тілін үйретудің жаңа бағыттары жайында» сөз қозғай отырып,қазақ тілінің мәртебесін көтеру мүмкіндіктері мен қазақ тілін үйретудің жаңа бағыттарына тоқталды.

   №48 ЖББМ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Мукеева «Формативті және жиынтық бағалаудың тиімді әдістері» туралы мұғалімдерге БЖБ, ТЖБ жұмыстарының айырмашылықтарымен, ортақ тұстарын көрсетіп, тапсырмаларды ұсынудың ерекшеліктерін баса айтты.        

Сапалы бағалауды ұйымдастыру үшін әр өңірде мұғалімдердің шығармашылық топтары ұйымдастырылып, алдын-ала әр тоқсан бойынша БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары жан-жақты қарастырылып, дайындалып отырылса деген ұсыныс өз ұсынысын білдірді.

   Бұдан соң сөз алған ҚББЖТҒӘО әдіскері Зәкариянова С.З. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін республикалық съезд қарарларымен таныстырды.        

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әртүрлі сұрақтарын, ұсыныс, пікірлерін тыңдай отырып, Алматы қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезінің қарары қабылданды.

          СЬЕЗДЕ  ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАРАР:

  •  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығы құрылсын;
  • Үлгілік оқу бағдарламалырын жетілдіру бағытында мұғалімдермен жұмыстар жалғастырылсын;
  • Оқыту өзге тілде жүргізілетін мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуда тілдесім дағдысын жетілдіру жұмыстары жандандырылсын;
  •  Мұғалімдердің әдістемелік кәсіби білігін көтеру үшін озық тәжірибені тарату, зерделеу  жұмыстары жалғастырылсын;
  •  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының қала мұғалімдерімен етене жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасалсын.
  •  Педагог-зерттеуші, шебер-педагогтардың зерттеу тақырыбы, зерттеу алаңдары жасалсын;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен     бағдарламасына өзгерістер енгізілуіне байланысты әдістемелік жұмыстар жүргізілсін.

    Алматыда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезінің шешімдерін жүзеге асыру мақсатында шығармашылық топ құрылып, оның құрамына съезд делегаттары, оқулықтардың авторлары, ғылыми қоғамдастық өкілдері кірді. Шығармашылық топтың жоспарларында оқу бағдарламаларының мазмұны бойынша, басқа да өзекті мәселелер туралы  ұсыныстар әзірлеу қарастырылуы қажет.

Съезд соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді:

  • №93 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Базилбекова көркем әдебиетке қызықтыру үшін телеарналардан арнайы бағдарлама ұйымдастыру туралы ұсынысын жеткізді.
  • №76 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Ж. Мұратбаева оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарына жетудегі өз тәжірибесімен бөлісіп, нақты қадамдарын ұсынды.
  • №59 мектеп-гимназияның  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Х.Б.Ахметова пәнаралық байланыс болуы туралы ұсынысын  айтты. «Зар заман» ақындарын оқып жатқанда тарихтан сол зар заман туралы оқытылып жатса, мұғалім үшін тиімді болар еді деген өз пікірін білдірді. Сонымен қатар Қ.Бітібаеваның әдістемесі әдебиетті оқытуда қолға алынса деген тілегін де білдірді.
  • №132 мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. Қойгелдинова олимпиада тапсырмаларын құрастыруда оқу бағдарламасы ескерілсе деген ұсынысын «Дарын» орталығына жолдады.
  • №145 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.И. Тілепалдиева өз тәжірибесімен бөлісе отырып, съезд ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Тегтер: