15.03.2020, 15:18
66
Алматы метросында «коронавирус жұқтырған науқас адамның кейпіне еніп, жұртты қорқытқан» жігіт қамауға алынды деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде 23 жастағы Алматы тұрғынының метрода жөтел қысқан адамның кейпіне еніп, қайта-қайта жөтеліп, жұртты қорқытқаны, осылайша ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен пранкер он күнге қамалды" делінген полиция хабарламасында.
Ведомство дерегінше, жауапкер Әкімшілік кодекстің 434-бабы ("ұсақ бұзақылық") бойынша қамалған.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратты деп күдікке ілінген дәрігер ұсталды
/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }Telegram бізге жазылыңыз
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР