Алматыда "Oyan Qazaqstan" белсенділерін полицияға шақырды

28.08.2019, 20:00

11

Қазақстанда саяси реформалар жасауға шақырып жүрген «Oyan Qazaqstan» азаматтық жастар қозғалысының үш мүшесін 28 тамызда Алматыда полицияға шақыртқан.

Қозғалыс белсендісі, суретші Роман Захаровтың Азаттыққа айтуынша, таңертеңгі сағат тоғыздың кезінде үйіне келген құқық қызметкерлері оны Алматы полициясы департаментіне жеткізген. Қозғалыс белсенділері Жанел Шаханова мен Әсем Жапишеваға да полиция шақырту жіберген. Захаров полиция мекемесінде онымен қалалық әкімдік өкілдері «профилактикалық әңгіме» өткізіп, Алматыда 30 тамызда өтеді деп хабарланған марш және Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы жайлы сұрақтар қойғанын айтты.

— «Oyan Qazaqstan» туралы сұрады. «30 тамызда заңсыз маршқа шақырып жатырсыңдар» дегенді айтты. Бірақ біз әлеуметтік желіде таратқан ақпаратта марш өтетін ешқандай уақыт, мекенжай жазылмаған, — деді Роман Захаров.

Әсем Жапишева мен Жанел Шаханова да полиция департаментіне кіріп шықты. Белсенділердің адвокаты Ерлан Ерболатұлы әкімдік өкілдерінің полиция ғимаратына шақыртуы заңсыз деп санайды. Ол бұған байланысты бас прокуратураға арыз түсіретінін айтты.

Азаттық тілшісі полиция департаменті ғимаратынан шыққан Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбековтен белсенділерді полицияға шақырту себебін сұрады. Шенеуніктің сөзінше, «Oyan Qazaqstan» қозғалысының әлеуметтік желіде 30 тамызда марш өтетін туралы жариялаған жазбалары «елді заңсыз қатысуға шақыру» болып саналады.

«Сондықтан олармен әңгімелесіп, жиын өткізу үшін рұқсат алу керектігін ескерттік» деді Алматы әкімдігінің өкілі.

Роман Захаров биыл көктемде Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге Қазақстан конституциясындағы баптан «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» деген сөз жазылған баннер ілген соң "қоғамдық орынды былғағаны" үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Әуелі Захаровты әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған сот кейін жазаны айыппұлға ауыстырған.

Бұған дейін «Oyan Qazaqstan» азаматтық қозғалысының белсенділері 30 тамыз, Қазақстан конституциясы күні бейбіт шеруге шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c === 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState === «uninitialized» || d.readyState === «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Белсенділер қолданыстағы конституцияда көрсетілген президенттің «шексіз билігі» Қазақстанның «дамуына тежеу болып» отырғанын мәлімдеген. Олар президенттің өкілеттігін шектеуді және билік жүйесін реформалауды ұсынған. Қозғалыс мүшелері сонымен бірге елде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құруды шектейтін заңдарды өзгертуді, сайлау жүйесін реформалауды, әкімдер сайлауын енгізуді, парламент пен жергілікті мәслихат депутаттарын бір мандатты округтер арқылы сайлау жүйесін енгізуге шақырған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Биыл 5 маусымда Алматыда бір топ белсенді «Oyan, Qazaqstan» қозғалысы құрылғаны туралы жариялаған. Бастамашыл топ ресми тіркелуді көздемейтінін әрі ешқандай саяси партиямен әріптес емес екенін, қандай да бір отандық және шетелдік ұйымдардан қаржы алмайтындарын мәлімдеген болатын. Белсенділер өздерін қолдайтындар әр өңірде барын және әлі де қосылып жатқандықтан әзірге қозғалыстың нақты қанша мүшесі барын айта алмайтындарын айтқан.

Соңғы айларда «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының бастамасымен Қазақстанның бірнеше қаласында өткен SERUEN деп аталатын акцияға ондаған адам қатысты. Белсенділер шараның мақсатын "өзара танысып, білісу, ашық диалог орнату, қоғамдық орындарды қоғамға қайтару" деп түсіндірді. Шілде айында Шымкентте осындай акцияға қатысқандарды полиция ұстаған болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39