Алматыда "Oyan Qazaqstan" белсенділерін полицияға шақыртқан

28.08.2019, 10:00

19

Қазақстанда саяси реформалар жасауға шақырып жүрген «Oyan Qazaqstan» азаматтық жастар қозғалысының екі мүшесін 28 тамызда Алматыда полицияға шақыртқан. Бұл туралы Азаттыққа осы қозғалыстың мүшесі Әсем Жапишева хабарлады.

Оның сөзінше, бүгін таңертең қозғалыс мүшелері Жанел Шаханова мен Роман Захаровты полицияға шақыртқан. Захаров биыл көктемде Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге Қазақстан конституциясындағы баптан «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» деген сөз жазылған баннер ілген соң "қоғамдық орынды былғағаны" үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Әуелі Захаровты әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған сот кейін жазаны айыппұлға ауыстырған.

— Маған да келіп, шақырту қағазын тапсырмақшы болды, бірақ мен (полиция келген кезде) үйде болған жоқпын, — дейді Әсем Жапишева.

Азаттық «Oyan Qazaqstan» белсенділерін полицияға шақыртуының себебін білу үшін Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанымен, телефоны жауап бермеді.

Бұған дейін «Oyan Qazaqstan» азаматтық қозғалысының белсенділері 30 тамыз, Қазақстан конституциясы күні бейбіт шеруге шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52