Алматыда полиция азаматтарды ұстады

21.09.2019, 20:00

47

21 қыркүйекте түскі сағат 14.20 шамасында Алматыдағы Панфилов көшесінің бойында да полиция азаматтарды ұстай бастады. Оқиға орнында болған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, олардың саны жиырмадан асқан.

Жиналғандардың бірі «жәй жүрмін» десе, бірі «жұмыстан келе жатырмын, қолыңды тарт» деп оларды ұстамақ болған полиция қызметкерлеріне қарсылық танытты. Ұсталғандар арасында әйелдер де болған.

Бұдан алдын бірнеше белсенді «митинг болады» деп алдын ала белгіленген орынға келіп, билікке талап айта бастаған. Бірақ полиция қызметкерлері олардың сөзін аяқтатпай, бірден көлікке отырғызған.

Түскі екі жарым шамасында оқиға орнына барған әкімдік, прокуратура өкілдері жұртқа «митингінің заңсыз екенін айтып», үйлеріне тарауын талап етті. Шамамен жиырма минуттан соң полиция адамдарды ұстауын бәсеңдетті.

Қазір Панфилов көшесімен шексесетін Астана алаңы жабық. Оның жанындағы Әлия мен Мәншүк ескерткіші орналасқан саябақты да полиция бақылауға алған.

Тікелей эфирді көріңіз:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Бұған дейін өзін билік оппоненті ретінде атайтын, шетелде жүрген қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 21 қыркүйекте жақтастарын көшеге шығуға шақырған. Қазақстанның бас прокуратурасы «рұқсат етілмеген митингіге қатысу заңсыз» екенін ескертіп, митингіге шыққан азаматтардың «жазаланатынын» хабарлады. Осы апта басынан бері республиканың түкпір-түкпірінде 50-ге тарта белсендіні полиция шақырып, 35-тен астам белсенді әкімшілік жазаға тартылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42