Алматыда полиция онға жуық адамды ұстап әкетті

07.07.2019, 02:00

24

6 шілдеде кешке Алматыда полиция орталық стадион маңында жүрген онға жуық азаматты ұстады. Ұсталғандардың бірі «Шал кет!», «Алға, Қазақстан!» деп айғайлады. Полиция оның қолын қайырып, қарсыласқанына қарамастан автозакқа отырғызды. Азаттық тілшісі құқық қорғау қызметкерлерінің кемінде оннан астам адамды ұстап әкеткеніне куә болды.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Бектұр Ізбасаров Абай мен Байтұрсынов көшесі маңында сәкіде отырған азаматтарға «бұл заңсыз митинг, 10 минут уақыт берем, егер бұл жерден кетпесеңіздер, ұстаймыз» деп ескертті.

Есімін Сәлима Қағазбаева деп таныстырған азамат «Шаршағандықтан келдік. 27 жыл бойғы алдау. Биліктің тұтас кеткенін қалаймыз. Бәрі кетсін. Өміріміз өтіп барады. Балаларымның өмірі бұдан да нашар болғанын қаламаймын» деп айта бастап еді, оны сөйлеп тұрған жерінен полиция қызметкерлері ұстап әкетті.

Нұр-Сұлтанда да дәл осыған ұқсас жағдай болып жатыр.

Тікелей эфирді көріңіз:

Бұған дейін өзін қазіргі биліктің оппоненті ретінде атайтын, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 6 шілдеде азаматтарды жаппай наразылық шарасына шақырған еді. Ол құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған. Қозғалыс тұрақты түрде жақтастарын үкіметке қарсы митингілерге шығуға шақырып келеді. «Ақша жымқырды», «адам өлтіруге тапсырыс берді» және өзге де айыптар тағылған Әблязов сырттай өмірлік жазаға кесілген. Әблязовтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарып, істің саясиланғанын, биліктің өзінен өш алғысы келетінін айтқан.

Бұған дейін бас прокуратура 6 шілдеде заңсыз митингке қатысқандар жазаланады депескерткен еді.

Қазақстанда 6 шілде астана күні ретінде тойланады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04