Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққан жүзге жуық адамды ұстады

10.06.2019, 00:00

61

9 маусымда Алматыдағы «Астана» алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Бұл туралы қазақстандық Holanews.kz және Vlast.kz сайты хабарлады.

Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты.

Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ «Бойкот», «Масқара» деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Vlast.kz сайты полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарлады.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Полиция алаңнан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Петр Троценконы да департаментке әкетті. Тілшінің қолында құжаттары және редакция тапсырмасы болған. Троценко оның алдында алаңда полицияның ондаған адамды ұстап жатқанын көрген.

Тілшімен автобуста отырғандар «Бойкот!» «Бостандық!» деп айғайлағаннан кейін полицияның қолдарын қайырып ұстағанын айтты.

Полиция бір-екі сағаттан соң Азаттық тілшісі Петр Троценконы босатты. Алматы қалалық полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі оқиғаға байланысты әзірге түсініктеме бермеді.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Фото: Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққандарды қалай ұстады?

Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққандарды қалай ұстады? Фотогалерея

Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққандарды қалай ұстады?

9 маусымда Алматыдағы «Астана» алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ «Бойкот», «Масқара» деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды. <p />
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Сейдағаңның серілері едік
    10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50