23.04.2020, 12:16
85
БүгінАлматыда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастан вирус 17 сәуірдеанықталған, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Науқас1964 жылы туған. Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия,созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлыпневмония. «22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсізболуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалықгемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорганжетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады», — делінген хабарламада. Биологиялық өлім сағат 07:00-де анықталды. Қорытындыдиагноз: расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымшааурулар. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2207 адаманықталды. Жалпы 20 адам қайтыс болды.
Басқа да ақпараттарды толықтай мына жерден оқи аласыздар.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР