Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 09 Наурыз 2022

Алматыда қаңтар оқиғасына байланысты сот 41 іске үкім шығарды

None
None

Алматы соттарына қаңтар оқиғасына байланысты 82 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

2022 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша сот қарауында 41 іс бар, ал 41 іс бойынша үкім шығарылды.

Қалалық соттың мәліметінше, келіп түскен істер 188-бап, 3-бөлім «тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру арқылы ұрлық» бойынша қаралды, бұл екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ең көп іс Алматы және Әуезов қылмыстық соттарына келіп түсті.

Нәтижесінде жазаның ең жеңіл түрі – 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде, яғни 187-бап «ұсақ ұрлық» бойынша, ал ең ауыр жаза 188-бап «Ұрлық» бойынша 2,5-4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде тағайындалды. Сотта атап өтілгендей, тонаушылар бұл әрекетіне өкініп, келтірілген залалды өтеген. Жаза тағайындау кезінде мұның бәрі ескерілді.

Тегтер: