Алматыда қойма өртеніп жатыр

18.07.2019, 17:00

48

Алматыда Жетісу ауданындағы қоймалардың бірі өртеніп жатыр деп хабарлайды қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

«18 шілдеде таңертегі сағат 7.45-те Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің (ТЖД) „101“ қызметіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекен-жайында орналасқан қойманың өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жүр. 15 техника, 43 өрт сөндіріп жатыр» делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісі 9.40 шамасында өрттің өшірілмегенін, өрт жайылмас үшін өрт сөндірушілердің жанталасып жүгіріп жүргенін көргенін айтты.

Қала тұрғындары 18 шілдеде таңертең Алматының солтүстігіндегі бұрынғы «Саяхат» автовокзалы жақтан қою түтін шығып жатқанын көрген.

Бұған дейін 18 шілдеге қараған түні Алматыда үш жеке үй және шаруашылық нысаны өртенген. Өрт Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57