15.07.2020, 07:29
74
Алматылықтар соңғы кезде қымыздан бөлек тағы бірөнімді — құйрық майды көбірек алып жатыр. Қала тұрғындары құйрық майды көпмөлшерде алған соң оның бағасы екі есе артты, — деп хабарлайды "Хабар-24" телеарнасына.
Телеарнаның хабарлауына қарағанда, Алматының көтерме базарларында құйрықмайдың килограмы мың теңге болған. Алайда осы күндері құйрық май екі есе қымбатәрі тез сатылып жатыр.
Бұған әлеуметтік желідегі өнімнің емдік қасиеті туралы жазбалар себеп болуымүмкін. Желі пайдаланушылары майды ішке қабылдау және сыртқа жағу рецептерінбөлісіп жатыр. Олар тіпті құйрық майдан микстура, яғни сұйық дәрі де ойлаптапқан.
Дегенмен дәрігерлер құйрық май барлық ауруға ем бола бермейтінін ескертеді.Бұрын құйрық майды суық тиген кезде, оның ішінде өкпе ауруларын емдегендепайдаланған. Ғалымдар майдың пайдасы барын растайды, бірақ оны тек ауырғанкезде пайдалану керек, үнемі болмайды деп ескертеді.
«Суық тиіп ауырған кезде ғана — сол уақытта көмектеседі. Бірақ бұласыра пайдаланып, үнемі пайдалану керек дегенді білдірмейді. Майларда энергиякөп. Жеген соң оны ыдырату керек, қорыту керек. Егер ағзада қалдырсаң, пайдаемес, зияны көбірек болады. Сондықтан холестерин жүрек-қан тамыр ауруларынаәсер етеді, миға қатты қауіпті әсер етеді», — деді Қазақ тағамтануакадемиясының президенті Төрегелді Шарманов.
Институттағылар жылқы етін жеуге кеңес береді. Бұл ет тез қорытылып,иммунитетті көтеретінін атап өтті.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР