Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:57, 29 Шілде 2020

Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Бұл туралы Бостандық ауданындағы«Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев Алматы қаласының өңірліккоммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында айтты,

— Шектелген карантиндік шараларғабайланысты мешіттерде құрбандық шалу және құрбандыққа шалынған мал етін таратудеген болмайды.

Құрбандық мал етін алғысы келетіндердің барлығы мешіттергебармауы тиіс. Оны бізде арнайы құрылған штаб мұқтаж отбасыларға өздерітаратады, — деді Данияр Жұмабаев.

Имам карантин талабын орындау үшінмерекелік Айт намазы Алматыдағы мешіттерде оқылмайтынын баса айтты. Биыл күншыққаннан кейін бір сағаттан кейін құрбандық шалу басталады.

Еске салайық, құрбандық шалу рәсімі мен мұқтаж, аз қамтылған отбасылардың өтініші Qurban2020.kz сайты арқылы 24-30 шілде аралығында қабылданады. Құрбандыққа шалынған етті тарату 2 және 3 тамызда өтеді.

Тегтер: