Алматыда сегіз қаржы пирамидасының қызметі толық тоқтатылды
Соңғы жылдары қаржылық пирамида тақырыбы ел ішінде кең таралған өзекті мәселелердің біріне айналды.
Сондықтан да, Алматы сияқты үлкен мегаполисте осындай алаяқтық әрекеттердің алдын алу – тиісті мекемелер үшін басты міндет болып табылады.
Қаржылық пирамида – құрылтайшылар инвесторлар алдындағы өз міндеттемелерін жаңа инвесторлардың ақшасымен жауып тастайтын алаяқтық схеманың бір түрі. Көбінесе пирамидалар инвестициялық компания ретінде жасырылады, бірақ инвесторлардың ақшасы ешқандай нақты инвестициялық жобаларға немесе бағалы қағаздарға құйылмайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне тосқауыл қоя алатын бірқатар шараларды әзірледі. Кәсіпорындарда қаржылық пирамида белгілерін тексеру үшін «Байқа пирамида» телеграм-боты енгізілді, оған қазірдің өзінде азаматтардан 2 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 1800-і қаралды. Сонымен бірге, негізгі жұмыс қаржы пирамидаларының әрекетін ертерек анықтауға бағытталған.
Атап айтар болсақ, Алматыда Chia Tai Tianging қаржылық пирамидасына қатысты іс тергеу үстінде. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен «Чиа Тай Тянинг» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны хабарланған болатын. Ведомствоның мәліметінше, аталған компанияның тағамдық қоспалары мен басқа да дәрі-дәрмектерін әзірлеуге инвестиция құйып жатырмыз деген желеумен инвесторлардан қаражат тартқан. Басқа әлеуетті инвесторларды инвестициялау және тарту кезінде бонустар төленеді. Сонымен бірге, «Чиа Тай Тиангинг» Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.
— Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша ІІД техникалық қызмет көрсету департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдастырушы мен басқа жетекшілерді табу бойынша іс-шаралар жалғасуда. Мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз Чиа Тай Тиангинг қызметін көрсеңіздер, қаржылық мониторинг агенттігінің байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз, — дейді ведомство өкілі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне тосқауыл қоя алатын бірқатар шараларды әзірледі. Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан:
- Бүгінде қаржылық пирамидалар қалыптасу кезеңінде жойылды. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы интернеттегі веб-сайттарды, аккаунттарды және жарнамалық сілтемелерді бұғаттау жарқын мысал болып табылады. Мәселен, 2022 жылы 396 интернет-сілтемені бұғаттап тастадық», — деді.
Нақтырақ айтқанда, былтырғы жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалада заңсыз қызметін жүзеге асырған сегіз қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқан болатын: Innova Gold, QOZGAN, The Finiko, Grand lux house, Tender, Альфа Сейлс Консалтинг, Forex Club, Rich Beach.
Қаржы пирамидалары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігімен алты қылмыстық іс сотқа жіберілді: «Caspian Crocus», «TheFiniko», «World Business Consulting» — (2), «Qozgan Inc», «B2B Jewelry». Жоғарыда аталған қаржы пирамидаларының қызметінен 3500-ден астам азамат зардап шеккендігі анықталған.
«Qozgan Inc» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Аталмыш приамиданың ұйымдастырушылары сенген азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысының 5-тен 30%-ға дейінін уәде етіп, тендерлік жобаларға қаражаттарын салуды ұсынған. Салымшылардың жалпы саны 50-ден астам адам болса, келтірілген шығын көлемі 270 миллион теңгеден асады. «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында. қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу сотта қаралады.
«Сонымен қатар біз алтын құймалары мен құрамында алтын элементтері бар косметикалық өнімдерді сататын интернет-дүкен ретінде жасырынған «Innova Gold» қаржылық (инвестициялық) пирамидалық схемасын ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі істі тергеп жатырмыз. Innova Gold ұйымдастырушылары сенімсіз азаматтарға ақша салғаны үшін, сондай-ақ, егер клиент өзімен бірге басқа инвесторларды әкелсе, жобаны ілгерілеткені үшін бонустар алуға уәде беріп, күмәнді жобаларға ақшаларын салуды ұсынды», — деп атап өтті Жақсылық Мырзахан.
Азаматтардың салған қаражаты «Innova Gold» веб-сайтындағы салымшының жеке шотында көрсетіліп түрса да, сайтты пайдаланушылар іс жүзінде өз қаражаттарын қолма-қол ақшалай алмаған. Іс бойынша тергеу жалғасуда, нәтижесі көпшілікке жарияланады.
Жақсылық Мырзахан қаржылық пирамидаға қосылу әдетте ерікті түрде және заңды қолдаусыз жүзеге асатынын атап өтті. Демек, инвестицияның қайтарымына ешкім кепілдік бермейді. Алайда, азаматтар салған ақшаны қайтарып алған аяқталған қылмыстық істер де баршылық.
Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген шаралардың нәтижесінде қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың банктік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне қамауға алынды. Мәселен, «World Business Consulting» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сегіз жәбірленушіге 34 255 155 теңге көлемінде шығын өтелген.
«B2B Jewerly» қаржылық пирамидасын ұйымдастырушыларға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша 230-дан астам жәбірленушіге 300 миллион теңге көлемінде шығын өтелді. 2,2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтеу туралы шешімді сот қабылдайды.
Бұған дейін Қазақстанда өткен жылы финпирамидалардан келген шығын 8 миллиард теңгеден асқаны хабарланған болатын.
Сонымен қатар, жақында қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шығарылған ұйымдардың кеңейтілген тізімін Қаржы мониторингі агенттігі жариялады.
Енді ақшасын салғысы келетін әрбір азамат компанияның сенімділігін тек ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реестрінен ғана емес, осы тізімнен де тексере алады. Агенттік биылғы 2023 жылдың басынан бері 22 финпирамиданы анықтады. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен есептік жазбалар бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың жазылушы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты.
Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамидалардың белгілерін тексеру үшін қаржылық мониторнг агенттігінің Telegram ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3511 қоңырау түскен. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.