Алматыда Серікболсын Әбділдинді ақтық сапарға шығарып салды

04.01.2020, 03:00

3

Алматыда таңертең Жамбыл атындағы филармонияда Қазақстан Жоғарғы кеңесінің бұрынғы төрағасы, оппозициялық саясаткер, ғалым Серікболсын Әбділдинмен қоштасу рәсімі өтті. Оған саясаткердің жақындары мен туыстары, онымен кезінде бірге істескен әріптестері, белсенділер, қала тұрғындары жиналды.

Жергілікті билік тарабынан рәсімге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмар қатысты. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев еңбек демалысында жүр.

Жұрт саясаткердің туған-туыстарына көңіл айтып, марқұммен қоштасты. Серікболсын Әбділдинді Кеңсай-2 зиратына қойды.

Әбділдин 31 желтоқсан күні сағат 23:00-тен өте Алматы ауруханасында қайтыс болған.

Серікболсын Әбділдин 1937 жылы 25 қарашада бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында дүниеге келген. 1967 жылдан бастап көп уақыт Қазақ ССР жоспарлау комитетінде жұмыс істеді, ауыл шаруашылығы министрлігінде басшы қызметтер атқарды, Қазақ ССР министрлер кеңесінің Мәскеудегі өкілі болды.

1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған Серікболсын Әбділдин кейін Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары, ал 1991 жылдың қазанынан 1993 жылы Жоғарғы Кеңес таратылғанға дейін оның төрағасы болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған "Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларацияға" Жоғарғы Кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдин қол қойған.

Қазақстанның саяси тарихын зерттеушілердің жазуынша, Әбділдин Жоғарғы Кеңесті басқарған кезде Қазақстан парламенттік-президенттік республика болған. Биліктен кеткен соң Қазақстан коммунистік партиясы төрағасы болып сайланған Әбділдин оппозициялық саясаткер ретінде танылды. Ол Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын авторитарлы билік жүйесін ымырасыз сынаушылардың бірі болды. 1999 жылы 10 қаңтарда кезектен тыс өткен президент сайлауына қатысты. Ресми қорытынды бойынша, сайлаушылардың 13 пайызы қолдау білдірген оппозициялық саясаткер екінші орын алды, бірақ Әбділдин «сайлау нәтижесі бұрмаланды» деп мәлімдеді.

1999 жылы күзде өткен парламент сайлауында Мәжіліс депутаты болып сайланған Серікболсын Әбділдин үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатын сынап, атышулы "Қазақгейт" жанжалына қатысы бар жоғары лауазымды шенеуніктердің жемқорлығын әшкерелеуге атсалысты. Ол парламентте елде азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары бұзылып жатқанын мәлімдеп, билікті демократиялық реформа жасауға шақырды. 2003 жылы парламент үкіметтің талабы бойынша қабылдаған «Жер туралы» даулы заңға қарсы дауыс берді.

Қазақстан коммунистік партиясын 14 жылға жуық басқарған Серікболсын Әбділдин «бір лауазым, бір орынтаққа мәңгілік тырмысып отыруға болмайтынын» көрсеткісі келгенін айтып 2010 жылы орнын босатқаннан кейін ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысты. 2015 жылы билік оппозициялық партияны түрлі себептермен жапты.

Видео: Әбділдиннің айтқандары (Азаттық қорынан).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="«Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз». Серікболсын Әбділдиннің айтқандары" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> <img src=«gdb.rferl.org/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_tv_w250_r1.jpg» alt="«Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз». Серікболсын Әбділдиннің айтқандары" title="«Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз». Серікболсын Әбділдиннің айтқандары" /> please wait <video poster=«gdb.rferl.org/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«404p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30356401&SiteId=5&r=2088186314&it=0&pd=20200102144600» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="«Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз». Серікболсын Әбділдиннің айтқандары"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
<a class=«js-media-title-link» href="/a/30356401.html" target="_blank" title="«Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз». Серікболсын Әбділдиннің айтқандары">«Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз». Серікболсын Әбділдиннің айтқандары
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30356401.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:05:22 0:00 Жүктеп алу <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248.mp4?download=1» title=«360p | 17,8MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30356401, '»Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз". Серікболсын Әбділдиннің айтқандары', null, 'Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, Дана САНСЕЙ', '2020', '01', '02')"> 360p | 17,8MB <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_hq.mp4?download=1» title=«404p | 21,7MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30356401, '»Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз". Серікболсын Әбділдиннің айтқандары', null, 'Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, Дана САНСЕЙ', '2020', '01', '02')"> 404p | 21,7MB <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/3/33/335c59c9-00ca-4789-80c4-3aa25e99c248_fullhd.mp4?download=1» title=«1080p | 79,1MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30356401, '»Биліктің саясаты өзгермей алға жылжымаймыз". Серікболсын Әбділдиннің айтқандары', null, 'Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, Дана САНСЕЙ', '2020', '01', '02')"> 1080p | 79,1MB
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34