Алматыда шетелден көлік алғандар утилизация алымын азайтуды талап етті

24.02.2020, 22:43

6

24 ақпанда Алматыда шетелден көлік алған қырықтай тұрғын Тәуелсіздік монументіне жиналып, көлік құнынан асып кететін утилизация алымын азайтуды талап етті. Олар мәжіліс төрағасы Нұрлан Нұрлан Нығматуллинге үндеу жолдап, көмек сұрады.

Армения мен Қырғызстаннан көлік алған жүргізушілер өздерін мәжіліс төрағасы Нығматуллин жақтап отырғанын айтып, мәселені сол шеше алар деп үміттенеді. Хатқа қол қойған ондаған адам шетелдік көлік иелеріне салмақ салмауды, бәріне бірдей амнистия жариялауды сұрады.

— Әкелінген машиналардың құнынан көп миллиондаған төлемдерді кім ойлап шығарды? Ол есептер қайдан алынған? Халықтың оны төлеуге шамасы жоқ. Айлық көлемі берілетін статистикаға мүлдем сай келмейді. Халық талабасы осындай — осы жылдың 1 ақпанына дейін әкілінген барлық көліктерді легализациялау арқылы толық қазақстандық тіркеуге тегін қою, — деді жиналғандардың бірі Талғат Тілеубеков.

Жүргізушілер биліктің уақытша тіркеу шарасы мен шетелік көліктерге сары нөмір беруге қарсы. Жиналғандарды полиция мен әкімдік өкілдері бақылап тұрды. Әкімдік акцияның заңсыз екенін айтып, жұртты тарауға шақырды.

Ішкі істер министрлігі биыл қаңтарда "Қазақстан аумағына кірген Армения, Қырғызстан мен Ресейдің тіркеу нөмірі бар көліктерді заңға сай тіркеу керегін" мәлімдеді. Министрлік шетелден көлік алғандарға бастапқы алымды, утилизация алымын және баж салығын төлеп, автомашиналарын тіркеуді ұсынды. Үкімет шетелдік көлігін тіркегісі келмегендерге автомашинасын Қазақстаннан отыз күнге шығарып, кейін елге қайта кіргізуді немесе шетелден алған көлікті шетке қайта апарып сатуды ұсынады.

Бұл Армения, Қырғызстан мен Ресейден көлік алғандардың жаппай наразылығына түрткі болды. Қаңтар айының ортасынан бастап Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жаңаөзен, Орал, Петропавл және Семей қалаларында автожүргізушілер жиналып, көлікті тіркеудің шығыны тым көп екенін айтып, үкіметтен автомашиналарын жеңілдікпен әрі арзан жолмен тіркеуге мүмкіндік беруді талап етті. Олар тұрақты тіркеу құны көлік бағасынан асып кететінін айтып, тіркеуді жеңілдетуді сұрап келеді.

Билік Қазақстанда тіркелмеген шетелдік көліктер заң бұзса, жазадан құтылып кетеді деп санайды.

Жүргізушілер наразылығынан соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмірі бар көліктерді 2021 жылдың наурызына дейін уақытша тіркеуге қоюды тапсырды. Уақытша тіркелген көліктерге сары түсті нөмір беріледі. Бірақ шетелден автомобиль әкелгендер 2021 жылдың наурызына дейін бастапқы алымды, утилизация алымын (утилизация – көлік ескіргенде иесінен алып, жою) төлеп, көлігін тұрақты тіркеуге қоюы тиіс. Жүргізушілер утилизация алымы тым қымбат дейді. Экология заңына сәйкес, утилизация алымы жеңіл көліктерге 900 мың теңгеден 3 миллион теңгеге дейін, ал жүк көліктеріне 20 миллион теңгеге дейін жетеді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин ақпанның басында мәжіліс отырысында "үкімет шетелдік көліктерге қатысты дұрыс жұмыс істемеді, соның салдарынан халық зардап шегіп жатыр. Жұмыс істей алмайтындар орнын босатсын" деп сынаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27