Алматыда студенттер арасында алкогольді тұтыну мәселесі зерттелді
Қазіргі уақытта жастар арасындағы маскүнемдік мәселесі өткір болып отыр. Жастардың ішімдікке салынуы өлім-жітімнің, қылмыстың артуына әкеліп соғады, демографияға кері әсерін тигізеді, денсаулықты, адамгершілік негіздерін және отбасылық құндылықтарды бұзады.
Социологиялық зерттеулер мен ресми медициналық статистика жастар арасында алкогольді тұтынудың айтарлықтай кең таралғанын көрсетеді.
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Гүлмира Сәдуақасова:
- Алкогольді тұтыну деңгейі емес, оның зиянды әсерін азайту үшін елде қандай қадамдар жасалып жатқаны маңыздырақ. Қазақстанда соңғы жылдары алкогольдік ішімдіктерді сату мерзіміне қатысты шектеулер, жас шектеулері, жарнамаға шектеулер енгізіліп, көлікті мас күйінде басқарғандарға жаза қатаңдатылды. Мұның барлығы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық жоспарларында белгіленген және ДДҰ нұсқауларына сәйкес келеді. Мен елімізде алкогольді тұтынудың айқын өскенін көріп тұрған жоқпын, дегенмен мәселе бара рас, онымен қатаңырақ күресу керек, бәлкім, маскүнемдікпен күресуге арналған жеке нормативтік құжат жасау керек шығар. Бір ғана айта кететін жайт, маскүнемдік қазір «жасарып» барады. Зерттеулер көрсеткендей, ішімдікке салынған жастардың саны артып келеді.
Еліміздің аймақтарына келетін болсақ, нарколог солтүстік өңірлерде маскүнемдік деңгейі жоғары екенін, бірақ еліміздің урбанизацияланған қалалары – оның ішінде, Алматыда жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, алкогольді тұтынуға көбінесе климаттық айырмашылықтар немесе аймақтың мәдени ерекшеліктері емес, ірі қалалардағы әлеуметтік факторлар әсер етеді.
«Денсаулық» ұлттық қауымдастығы Алматыда студенттер арасында алкогольді ішімдіктерді тұтынуға қатысты зерттеу нәтижелерін ұсынды. «Денсаулық» ұлттық қауымдастығының сарапшысы Данила Бектұрғанов:
— Зерттеу социологиялық сауалнама әдісімен жүргізілді. Сауалнама екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде респонденттердің жасы, олардың қауіп факторларына көзқарасы, зиянды азайту тәсілдерінен хабардар болуы, зиянды өнімдер туралы жалпы ақпарат деңгейіне қанағаттану туралы сұрақтар болды. Екінші бөлімде респонденттердің алкогольді тұтынуға деген көзқарасы және респонденттердің алкогольді тұтынумен күресуде қандай шаралар тиімді деп санайтыны туралы арнайы сұрақтар болды», — дейді.
Зерттеу барысында Алматы қаласындағы 16 жоғары оқу орнының студенттерімен сұхбат жүргізілген. 947 респондент, 18-21 және одан жоғары жастағы 597 ер адам және 350 әйел. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар ретінде темекі шегу (59%), алкогольді тұтыну (52%), отырықшы өмір салты (30%), теңгерімсіз тамақтану (33%) және артық салмақ (34%) аталды.
Сауалнамаға қатысушылардың 63%-ы алкогольді алғаш рет 18 жасқа дейін, 31%-ы 18-21 жас аралығында, 6%-ы 21 жастан жоғары болғанын көрсетті. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 21 жастан асқан тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат етілгенін айта кеткен жөн. Респонденттердің 41%-ы алкогольді ішімдіктерді ең жиі тұтынатын сусындар ретінде, 31%-ы орташа күшті сусындар және 28%-ы күшті алкогольді көрсетті.
Респонденттердің үштен бір бөлігі (33%) алкоголь өнімдері бағасының тұрақты өсуі алкогольді тұтынуға ешқандай әсер етпейтінін айтады. Қалған респонденттер бағаның өсуі тұтынуға әсер ететінін мойындады. Респонденттердің 27%-ы алкогольді аз сатып ала бастады, 16%-ы арзанырақ брендтерді, 15%-ы көлемі аз, 9%-ы ащы сусындарды аз сатып алады.
Респонденттердің шамамен 28%-ы алкогольдің денсаулыққа зиянды әсерін азайту мүмкін емес деп санайды. 25%-ы күштілігі аз алкогольдік сусындарға көшу арқылы зиянды азайтуға болатынын айтады. Барлығы 47% қолдану жиілігін азайту және дозаны азайту арқылы денсаулыққа келетін зиянды азайту мүмкін деп санайды.
Жастардың зиянды азайтудың қай тәсілі неғұрлым қолайлы екендігі туралы пікірлері былайша бөлінді: 34% — сатуға ішінара тыйым салу, 29% — бағаны көтеру, 24% — ықтимал зиянды өнімдердегі зиянды компоненттердің мөлшерін азайту және 13% жауап берішелрге – бұл сұраққа жауап беру қиынға соқты.
Бұл ретте респонденттерден зияндылығы аз тауардың құны қымбаттау, арзандау немесе зиянды өніммен бірдей болу керек пе деген сұраққа респонденттер: 28% қымбат, 29% арзан, 28% бірдей, ал 15%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналған.
Респонденттердің 60%-ы зияны аз екендігі туралы ақпаратты өнімнің қаптамасында орналастыру керек деп санайды, 32%-ы мұндай ақпаратқа қарсы, ал респонденттердің 8%-ы бұл мәселеге қатысты пікірі жоқ. Респонденттердің студенттер арасында маскүнемдіктің таралуының себебі неде деп сұрағанда, көпшілігі достарының және студенттердің араласатын компанияның ықпалын атап өтті.
Дәрігер, Ұлттық қауымдастық төрағасының орынбасары Гинтаутас-Юозас Кентра:
- Сауалнамаға қатысқандардың 42%-ы маскүнемдіктің таралуының басты себептерінің бірі – алкогольдік ішімдіктердің оңай қолжетімділігі деп санайды. Бұл деректер шамамен 2018 жылғы зерттеу деректерімен сәйкес келеді, бұл кезде респонденттердің 43% алкогольдің болуын көрсетті. Респонденттердің 27%-ы алкогольдің зияны туралы білімінің жоқтығын көрсетеді, бұл да 2018 жылғы көрсеткішке жақын, респонденттердің 21%-ы осы себепті көрсеткен. Шамамен 25%-ы стрессті, жанжалдарды және үмітсіздікті себеп ретінде көрсеткені алаңдатады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың деректерімен салыстырғанда аздап өсті, кейін бұл көрсеткіш 22%-ды құрады, — дейді.
Респонденттердің 52%-ы алкоголь өнімдерін сату шарттарын қатайтып, бағасын көтеруді маскүнемдікпен күресудің тиімді шарасы деп санайды (2018 жылы 45%); 42%-ы да айыппұл белгілеген тиімді болар еді деп санайды (2018 жылы 36%). Респонденттердің 27%-ы жалпы салауатты өмір салтын насихаттауға көбірек көңіл бөлу керек деп санайды (2018 ж. – 22%), 26%-ы арзан немесе тегін спорт секцияларының санын көбейту қажет (2018 ж. – 23%) десе, 22%-ы БАҚ пен әлеуметтік желілерде тақырыпты жүйелі түрде талқылау тиімді шара болар еді деп есептейді (2018 жылы 15%).
Нарколог мамандардың айтуынша, жастар арасындағы маскүнемдікте бәрі соншалықты нашар деуге де болмайды. Себебі бұл тенденция оң бағытта жүріп жатқанын да байқауға болады. Жастар спортқа, қосымша іс-шараларға, волонтерлікке қызығушылық танытып келеді. Егер бұрын мектеп бітіру кезінде бәрі ішетін болса, қазір байсалды мектеп бітіру кештері жиі өткізіледі.