Алматыда тағы бір адамнан вирус табылды. Қалада 32 науқас бар

26.03.2020, 11:01

45

Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 26 наурызда сағат түнгі бірден өте денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір Қазақстанда 81 адамнан вирус табылды: Алматыда — 32 адам, Нұр-Сұлтанда — 41 адам, Қарағандыда — екі адам, Шымкентте — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам, Жамбыл облысында — бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 454 мың адам вирус жұқтырды. 20550 адам қаза болды. 113045 адам дертінен айықты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51