Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:13, 20 Шілде 2021

Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 800-ден астам іс-шара өтеді

None
None

    Өткен аптада Алматы қаласында өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қайырымды істер марафоны» жобасын іске асырудың аралық қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

 Алқалы жиынды спикер ретінде  Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов жүргізді.  Ол алғы сөзінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген іс-шараларға жалпы шолу жасап өтті.

– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы сапалы әрі жоғары деңгейде өту үшін бірыңғай қалалық жоспар әзірленді. Барлығы 953 іс-шара жоспарланса, оның екеуі – республикалық, 436-сы қалалық, 549-ы аудандық деңгейде өтеді. Қаладағы іс-шара республиканың 30 жылдық кезеңіндегі жетістіктеріне және әр айдың тақырыптық желілеріне сілтеме жасай отырып өткізіліп, сондай-ақ атаулы күн мен мерекелерге арналады.  

Мысалы, маусым айында Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне, медицина қызметкерлері күніне және полиция күніне арналған 70-тен астам түрлі форматтағы іс-шаралар өтті. Үлкен жол бойындағы тұрғын үйлерге жалаулар ілініп, әнұран ойнатылды. Сонымен қатар адам көп жиналатын аумақта мемлекеттік ту таратылып, жалаулары бар автокөліктер мен мотожарыстар шаһарды аралап өтті. Осыған орай, ҚР астана күніне арнайы өткізілген мерекелік концерттердің талапқа сай өткенін айтқанымыз жөн. Сондай-ақ қалада маңызды оқиғалар болды. 25 өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға берілді. Соның ішінде Қазақстан–Швейцария туризм және қонақүй бизнесі институты, Ads Industries фармзауыты, «Терренкур» жаяу жүргіншілер аймағы, жаңа балабақша мен мектептер ашылды, – деді Ренат Бекбергенов.

  Жиын барысында қоғамдық даму басқармасының өкілі алдағы екінші жартыжылдықта өтетін жоспардағы іс-шараларға да тоқталып, екінші жартыжылдықта қала әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 800-ден астам іс-шара өткізу жоспарда бар екенін айтты. Оның ішіндегі ең маңыздысы – «Қайырымды істер марафоны» республикалық жобасы аясында 396 түрлі форматтағы іс-шараның өткізілуінде болып отыр. Себебі жобаның арқасында мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық қолдау көрсетіліп, тұрғын үйді жөндеуге мүмкіндік берілетініне тоқтала кетті.

     Конференция қонағы, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы»  қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы өкілдігі төрағасының орынбасары Долкунтай Абдухалил  «Қайырымды істер марафонына» Алматы кәсіпкерлері белсене қатысып жатқанын айтты. Оның айтуынша, Metal Prom Group компаниялар тобы өткен жылы қайырымдылыққа соңғы үш жылда мұқтаж жандарға 450 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген көрінеді.

— Metal Prom Group компаниясы 2014 жылы құрылған. Содан бері компаниямыз 34 түрлі сапалы өнім жасап шығарып, еліміздің 13 өңіріне таратылуда. Сондай-ақ көрші мемлекеттер – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресейге экспортқа шығарылуда. Жұмысшыларымыздың барлығына лайықты жағдайларын жасап отырмыз. Тек қана жұмысшыларымызды қамтып қоймай, еліміздегі әрбір болып жатқан жағдайларға көз жұмып отырған жоқпыз. Қолдан келгенше қайырымдылық жасап, 2021 жылға дейін 450 млн теңге көлемінде көмек көрсеттік. Бұны әлі де тоқтатпаймыз, әлі де көмектесе береміз, – деді Долкунтай Абдухалил.

  Жиын соңында Ренат Бекбергенов Конституция күніне арналған ауқымды іс-шаралар мен Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш пен 13 жаңа білім беру нысанын ашу жоспарда бар екенін айтты.

 

Тегтер: