"Алматыда теракті ұйымдастырмақ болды" деген 7 тәжік азаматы сотталды

13.09.2019, 20:00

14

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық соты «Алматыда теракті ұйымдастырмақ болды» деп айыпталған Тәжікстанның жеті азаматын 12 мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айырды. Бұл ақпаратты 13 қыркүйекте кешке Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот хабарламасында жеті айыпталушыға «террористік топ құру», «теракті ұйымдастыру», «заңсыз жарылғыш заттарды дайындау», «заңсыз қару-жарақ сақтау» сияқты баптар бойынша айып тағылғаны, олардың кінәсі дәлелденгені жазылған.

  • «Террористік топты құрды және оған жетекшілік жасады» деп айыпталған Косимжон Гиесов 18 жылға сотталды. Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.
  • Абдухалим Давлатов және Нематуло Нематов — 14 жылға бас бостандығынан айрылды.
  • Сот Парвиз Туйчиев, Султони Аминзода, Шарифали Сафаров, Сафиюлло Косимовке әрқайсысына 12 жылдан берді.

Сот бұған қоса, барлық тәжік азаматтары жазасын өтеп шыққан соң Қазақстан аумағынан күштеп шығаруды үкім еткен. Бес жылға дейін олардың елге келуіне тыйым салған.

Іс материалдарына сәйкес, жеті азамат Ауғанстандағы «рухани ұстазының» кеңесімен «діни радикалдық сенімдеріне сүйене отырып» Алматыда теракті ұйымдастырмақ болған. Олар 2018 жылдың желтоқсан айы мен 2019 жылдың 10 қаңтар аралығында қаладағы Иверск-Серафимов монастыры мен Мәметова көшесіндегі «АТФ банкі» ғимаратында жарылыс жасауды жоспарлаған. Осы мақсатта қолдан жарылғыш заттар дайындаған. Алматыдағы пәтерлерін тінту кезінде тергеушілер «бомба мен жарылғыш зат бөлшектерін, Макаров пистолеті, түрлі оқ-дәрі, мылтық тәркілеген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42