Алматыда "Ұлт тағдыры" бақылаушысына қол жұмсаған

09.06.2019, 21:00

24

Алматыдағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде таңертең дауыс беруге келген азаматтардың бірі "Ұлт тағдыры" қозғалысының бақылаушысына қол жұмсаған. Бұл ақпараттты Азаттыққа құқық қорғаушы Ерлан Қалиев және бақылаушы Бақытжан Әбдірашитов хабарлады.

Олардың айтуынша, учаскеде сайлаушылар мен бақылаушылар арасындағы кикілжіңді телефонға түсіріп тұрған Әбдірашитовке белгісіз біреу қол жұмсаған.

— Телефонға түсіріп тұрғанда сондағы жігіттердің бірі «мені неге телефонға түсіресің?» деп маған қол жұмсады. Телефонымды қағып жіберді. Бетімді қолыммен басып, ұрайын деді. Бірақ осы учаскені қарайтын полиция қызметкеріне шағымданып едім, ол ештеңе істей алмайтынын айтты, — деді Азаттыққа Бақытжан Әбдірашитов. Оның айтуынша, қол жұмсаған адам кейін қашып кеткен.

Әбдірашитовтың түсіндіруінше, бүгін сайлау учаскесіне жүзден астам студент бір мезгілде келіп, «сайлау учаскесі өкілдеріне келіп, фамилиясын емес, реттік нөмірін айтқан. Осы жайт бақылаушыларға күмәнді болып көрініп, кикілжің туындаған».

— Мысалы, студенттің бірі 149-ші нөмір деді. Сайлау учаскесінің өкілі тізімнен оларды осылайша еш қиындықсыз тауып отырды. Студенттер қайдан біледі реттік нөмірін? Осының бәрі күмәнді көрінді, — дейді Бақытжан Әбдірашитов.

Оның айтуынша, бұл оқиғаны бақылаушылар тіркеген. Мұнда бірнеше бақылаушы жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында Қырғызстан, Түркиядан келгендері де бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42