Алматыда вирус жұққан алты адам, Нұр-Сұлтанда бір науқас жазылды

04.04.2020, 14:37

62

Алматыда коронавирус жұққан алты адам — бес әйел, бір ер адам жазылып шықты. Нұр-Сұлтанда бір адам Covid-19 дертінен айықты. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазір Қазақстанда 36 адам дерттен айықты. Оның 19-ы Алматы қаласында, 17-сі Нұр-Сұлтан қаласында.

«Алматыдағы дерттен айыққан екі адам 16 наурызда Стамбулдан келген, екеуі — 10 наурызда Мәскеу — Алматы рейсімен ұшып келген. Бір адам 13 наурызда Берлиннен оралған. Бір адамға науқастардан коронавирус жұққан» деп жазылған министрлік хабарламасында.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қалада барлығы 109 адамнан коронавирус табылған. 77 науқастың жағдайы — орташа. Екі ересек науқастың халі өте ауыр, бір адамның жағдайы — ауыр. 11 адамның жағдайы — орташа ауыр.

Қазақстанда барлығы 500 адамнан коронавирус табылған. Төрт адам көз жұмды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51