Алматыда вирус жұқтырғандардың саны төмендеп келеді

03.04.2020, 19:02

5

Қазақстанның ең ірі мегаполисінде COVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді.

Алматыда коронавирусты жаңадан жұқтыру фактілері төмендеуде. Алматының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимова қалада коронавирусты жұқтырғандар санының азайып келе жатқаны байқалатынын мәлімдеді.  
Коронавирус инфекциясының ең агрессивті түрі 7 науқаста белгіленген. Дәл осы азаматтардан әлеуетті жұқтырулардың көп саны тараған.

Ауырып қалғандардың көбісі Мәскеу ‒ Алматы рейсімен келгендер — 33%, вирусты жұқтырғандардың 25%-ы — Стамбұлдан, 16%-ы — Берлиннен, 15%-ы — Санкт-Петербургтен, 15%-ы — Минскіден келген.

Алматыда бүгінде 10 мыңнан астам адам ағзаларында коронавирус инфекциясының бар-жоғына тексерілді, 91 адамда вирустың бар екені анықталды. Алматыда одан әрі зерттеулер жүргізу үшін тестілер, реагенттер және барлық қажетті препараттар саны жеткілікті.

«Алматыда өткен тәулікте 13 адам пневмония деген күдікпен тексерілген.Олардың 5-інен бұл ауру белгілері табылған жоқ. Қалғандары тексеріліп жатыр.Ал, коронавирус бойынша алдағы уақыттағы ықтимал болжамды әзірге нақты айтаалмаймыз. Бірақ қалада вирус жұқтырғандардың динамикасында күрт төмендеубайқалып отыр. Өткен бір тәулікте шаһарда тек 1 ғана адамнан қауіпті вирусанықталды», – дейді Алматы қаласының бас санитары Айзат Молдағасимова. 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04