Алматыда вирустан қауіптенген жұрт жаппай азық-түлік сатып ала бастады

12.03.2020, 19:43

43

Қазақстан билігі коронавирустан сақтық шараларын күшейтіп жатқан тұста Алматы жұрты дүкендерде, супермаркеттерде жаппай азық-түлік сатып алып жатыр. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды. Бұдан бөлек, 12 наурызда әлеуметтік желіде супермаркеттерде ұзын-сонар кезекте тұрған адамдардың видеосы да тарай бастады.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда тараған Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялаған. 12 наурызда Қазақстан үкіметі мектеп оқушыларын демалысқа ерте шығарып, студенттерді онлайн оқуға көшіріп, мерекелік іс-шара мен ұшақ қатынасына шектеу енгізілетінін хабарлады. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов "Қазақстанда азық-түліктің негізгі 19 түрі бар. Бұл азық-түлік түрлері бойынша жарты жылға дейін өзін қамтамасыз ете алады. Азық-түлік қауіпсіздігі бақылауда" деп сендірді.

Елдегі дәріханаларда маска да тапшы. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде коронавирус жұқтырғандар жоқ. Қазір билік вирус қатты тараған Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Франция, Германия, Испания, АҚШ, Ираннан келгендерді 14 күнге карантинге жатқызып жатыр. Бұдан бөлек, бұл елдерге ұшуға да тыйым салмақ. Қазір Қазақстанда мыңдаған адам карантинде.

Оқи отырыңыз: Пандемиямен күрес. Қазақстан әуе қатынасын азайтып, көпшілік шараға тыйым салды

Үш ай бұрын Қытайда тарай бастаған COVID-19 коронавирусын қазір 120-ға жуық елде 129 мыңға тарта адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 5 мыңға жуықтады. 68 мыңдай науқас аурудан айыққан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42