Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:20, 21 Сәуір 2023

Алматыда заңсыз салынған 3 тұрғын үй кешені анықталды

None
None

Алматыда заңсыз салынған үш тұрғын үй кешені анықталды, — деп хабарлайды   қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау департаменті мәліметінше, мына тұрғын үй кешендерінде құрылысқа құжаттардың толық пакеті жоқ:

ORDA CITY тұрғын үй кешені (ТҮК)Теректі шағынауданы, Айналмалы көшесі, 183 учаскеТапсырыс беруші: Investment Stroy ЖШС.

"Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты — ЖТҮҚ. Басқарма құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша шаралар қабылдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады", — делінген хабарламада.

Dostar Deluxe ТҮКМәдениет шағынауданы, 185/8Тапсырыс беруші: ИП «Ашинов»;

«Эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ. ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша шара қабылданғаны айтылды.

Verona ТҮКРемизовка шағынауданы, 7-жол 71 учаскеТапсырыс беруші: 5 жеке тұлға

»Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ. Айта кету керек, бүгінде азаматтардың заңсыз тұрғын үй кешендерінен пәтер алу деректері тұрақты түрде анықталып жатыр. 3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер үшін үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат талап етілмейтін қолданыстағы заңнаманы пайдаланып, жосықсыз құрылыс салушылар жылжымайтын мүлік сатып алушы адамдарды жаңылыстырады", — делінген хабарламада.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттардың толық пакетін тексеру ұсынылады.

Тегтер: